RU
Машина жасау институтының даму тарихы

     Институт тарихы Қазақ политехникалық институтының қабырғасында машина жасау факультетiн ашу iсiнiң бастаушысы әрi ұйымдастырушысы, еңбек, Ұлы Отан соғысы ардагерi, ҚазҰТУ-дың құрметтi профессор Мейрам Құрманғалиұлы Құрманғалиевтiң есiмiмен тығыз байланысты. Ол үлкен ерiк-күштiң иесi, жасампаз адам, тамашы ұйымдастырушы әрi педагог. Бастапқыда комсомол ұйымының хатшысы, содан соң 10 жыл бойына институт партия комитетiнiң хатшысы болған М.Қ.Құрманғалиев кандидаттық диссертациясын тамаша қорғап шығып, көп кешiкпей жаңадан ашылған “Машина жасау технологиясы” кафедрасының бiрiншi меңгерушiсi болып тағайындалады. 1977 жылы Машина жасау факультетi ашылған соң оны декан етiп сайлайды. 2000 жылы машина жасау факультетi машина жасау, технология және экология институты болып қайта құрылды, ал 2003 жылдың 24 сәуiрiнен бастап Қазақ ұлттық техникалық университетiнiң құрамында университет ректоры, профессор Д.К.Сулеевтiң бұйрығымен машина жасау институты құрылды, бұл институт құрамына теориялық және қолданбалы механика, сызба геометрия және графика, стандарттау, сертификаттау және машина жасау технологиясы, конструкторлау мен машина деталдары, бiлдек жасау, материалтану негiздерi және машина жасау өндiрiсiнiң технологиясы, көтерiп-тасымалдау машиналары және гидравлика кафедралары кiргiзiлдi. Машина жасау институты Қазақстан Республикасы экономикасының машина жасау, мұнай-газ өнеркәсiбi, айнала ортаны қорғау тәрiздi базалық салалары үшiн төмендегi мамандықтар бойынша жоғары бiлiктi мамандар даярлайды: 240340 — металдарды қысыммен өңдеу; 250140 — машина жасау технологиясы, метал кескіш станоктар мен аспаптар; 250240 — машиналардың динамикасы мен төзiмдiлiгi; 250440 — металдарды қысыммен өңдеу машиналары және технологиясы; 280140 — автомобиль және трактор жасау; 280340 — көтерiп-тасымалдау, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары. Соңғы 10 жылда 130140 — Материалтану және материалдар технологиясы (қолданылу аймағы және салалары бойынша); 160140 — Стандарттау және сертификаттау (қолданылу аймағы және салалары бойынша); 370240 — Автоматты жобалау жұйелерi тәрiздi жаңа мамандықтар ашылды. 2003 жылы студенттер 551630 — Стандарттау, метро-логия және сертификаттау мамандығы бойынша бакалавриатқа қабылдана бастады. 2004 жылдаң бастап студенттер 050710 — Материалтану және жаңа материалдар технологиясы; 050712 - Машина жасау; 050713 - Көлік, көліктік техника және технологиясы; 050732 – Стандарттау, метрология және сертификаттау мамандықтары бойынша бакалавриатқа қабылдана бастады.

       Машина жасау институты Ғылыми кеңесiнiң директоры әрi төрағасы техника ғылымдарының кандидаты, ҚфзҰТҮ-дың профессоры П.Г.Есырев болды. Машина жасау факультетi пайда болғаннан берi ол деканның орынба-сары, декан болған. Оның студенттермен жұмыс iстеу iсi бойынша ұлкен тәжiрибесi бар, политехникалық институттың алғашқы студенттiк құрылыс отрядының командирi болған. Ол дарынды ұйымдастырушы әрi педагог-тәрбиешi ретiнде университеттiң оқытушылары мен студент жастар арасында лайықты құрметке ие, Мюнхен қаласы техникалық университетiнде тәжiрибеден өткен. Директордың орынбасары, аға эдвайзер Ш.Х.Байғалиева Машина жасаушы-студенттердiң шебер ұйымдастырушысы әрi тәрбиешiсi. ҚазПТИ-дi бiтiрген, “Поршень” заводының жетекшi технологы болып жұмыс iстеген, Қазақстан чемпионы, спорт шеберi, волейболдан Қазақстан құрама командасының мұшесi болған. Сонымен қатар ол — жыл сайынғы “ҚазҰТУ-дағы көктем” көркемөнерпаздар фестивалiн өткiзудiң нағыз дем берушiсi әрi ұйымдастырушысы. Институт директорының орынбасары К.С.Әлiпов бұкiл КСРО-ға белгiлi С.П.Королев атындағы Куйбышев авиация институтында оқыған. Оны бiтiрген соң Қазақстандағы лазерлiк технология инженерлiк орталығында жұмыс iстеген. 1993 жылдан “Конструкторлау негiздерi және машина деталдары” кафедрасында оқытушы, аға оқытушы болды. Институт кафедраларында кәсiби бағдарлау, қабылдау комиссиясы жұмыстарына басшылық жасайды, институттың ғылыми кеңесi төрағасының орынбасары болып табылады. Институттың қызметкерлер кәсiподақ комитетiнiң төрағасы мiндетiн 25 жылдан астам уақыттан берi Р.А.Нұрпейiсова атқарып келедi. Мәскеудiң станоктар мен аспаптар жасау институтын бiтiргеннен кейiн ол “Конструк-торлау негiздерi және машина деталдары” кафедрасында оқытушы, аға оқытушы болды. Мәскеудiң Н.Э.Бауман атындағы жоғары техникалық училищесiнде бiрнеше рет бiлiктiлiгiн жетiлдiру курстарында оқыған. Аспи-рантураны бiтiрген, көп қоғамдық жұмыстар атқарады, кафедраның профес-сор-оқытушылар құрамына оқу жұктемесiн бөлу, бақылау және оның орын-далуын қадағалау жұмыстарына жауапты. Көпжылдық педагогикалық, оқу-әдістемелік, ғылымдық және қоғамдық жұмыстар үшін белгілерімен «ҚР жоғары білімінің құрметті жұмыскері», «Айрықша еңбек үшін», «Ардагер», ҚазҰТУ, ҚазПТИ, ҚазССР-ң жоғары және орта білім министрлігінің құрметті грамоталарымен марапатталған. Институттың және университеттің әріптестер арасында Денсаулық сақтау және спорттық жарыстар күнін ұйымдастырушы. Мемлекеттiк аттестациялық комиссиясының жұмысына институт жыл сайын комиссия төрағасы ретiнде белгiлi ғалымдарды, кәсiпорындардың жетекшi мамандарын шақырады, олардың iшiнде “АЗТМ” ААҚ-ның бас директоры В.С.Сүлменов, бас металлургтiң орынбасары П.Т.Кравец, “Машзавод” ААҚ-ның бас инженерi В.А.Саулин, бас технолог Ф.С.Перлов және тағы басқалар да бар. Машина жасау институтының студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады, ғылыми-техникалық конференцияларға белсенді қатысады, сонымен қатар магистратура мен аспирантурада оқуды жалғастыруға мүмкіндіктері бар. Институтта кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғауға арналған екі диссертациялық Кеңес бар. Институт Германияның жоғары оқу орындарымен (Мюнхен, Оснабрюк қалалары), Ноттингем университетiмен (Ұлыбритания), “Sun Microsistems” шет елдiк фирмасымен (АҚШ), ТМД елдерiнiң жетекшi техникалық жоғары оқу орындарымен (Санкт-Петербург, Мәскеу, Новсiбiр, Бiшкек, Одесса, т.б. қалалардағы), Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары — ШҚМТУ (Өскемен қаласы), ҚарМТУ (Қарағанды қаласы), т.б. ғылыми және бiлiм беру орындарымен тығыз байланысты сақтап келедi. Машина жасау институтының профессорлары, оқытушылары, студенттерi спорттық iс-шаралар өткiзуге белсене араласады, “Денсаулық” спартакиадасы Кубогының бiрнеше дұркiн иегерлерi болып табылады. “Бiлдек жасау, материалтану және машина жасау өндiрiсiнiң технологиясы” кафедрасының аға оқытушысы К.К.Сәрсенбеков жетекшiлiк ететiн институт студенттерiнiң фольклорлық-этнографиялық ансамблi бiрнеше рет көркемөнерпаздардың Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасындағы Республикалық байғауының Лауреаты атанды. Машина жасау институтында студенттер АЖЖ саласында тәжиребелік дайындық алатын саңдық бағдарламамен басқарылатын Ұлыбританияның Boxford Ltd. өндірілген заманауи станоктары бар ( жоңғыш, лазерлі, фрезерлі) оқулық зертханасы жұмыс істейді.

    Бiздiң көптеген машина жасаушы тұлектерiмiз институттың нағыз мақтанышына айналып отыр, олар бұгiнде Қазақстан мен одан шеткерi аймақтардағы халық шаруашылығының сан алуан саласындағы кәсiпорындарында табысты еңбек етуде. Олардың iшiнде кәсiпорындардың бас директорлары — “Машзавод” ААҚ-нiкi — Д.Н.Шәрiпханов, (вице-президент — А.Н.Проневич), “Массагет” ААҚ-нiкi — техника ғылымдарының кандидаты М.Ш.Тiлеужанов, “Техоснастка” заводының ди-ректоры — К.В.Вурос, сауда және индустрия министрлiгiнiң вице-министрi — Г.И.Оразбақов, “Қазтелерадио” ЖАҚ-ы басқармасының төрағасы және “Кателко” ЖАҚ-ы басқармасының төрағасы — М.А.Жүсiпов, “Abdi Company” компаниясының президентi — А.Ш.Бимендиев, т.б. бар. Машина жасау факультетiнiң құрамында 1964 жылы Ю.И.Малахов пен П.П.Сахарчуктың бастамасымен және Алматы ауыр машина жасау заводының табанды түрде сұрауымен ҚазПТИ-дiң автоматика және телемеханика факультетiнiң жанынан ашылған сымдау процесiн механикаландыру және автоматтандыру жөнiндегi салалық ғылыми-зерттеу зертханасы (ССАСҒЗЗ) жемiстi жұмыс жасады.
70-жылдары зертханада Г.И.Алексеев, А.И.Рябинин, Т.Мұңсызбаев, Б.Х.Шлиомензон, С.Г.Акулов, Ю.Т.Пятков, С.Г.Метакса, Н.Корниенко, С.Д.Калита, тағы басқа да бiздiң есiмiзде өте жақсы сақталған мамандар жұмыс iстей бастады. Метмаш БҒЗИ, кабелдiк өндiрiстiң БҒЗИ, метизом БҒЗИ, Прометей ҒӨБ, Ленинград, Орал, Челябы политехникалық институттары, Магнитогор кен-металлургия институты тәрiздi салалық және бiлiм беретiн институттармен ғылыми байланыстар орнатылды. Бұкiл зертхана бойынша сол кезеңде 200-дiң маңайында ғылыми еңбек жарық көрсе, оның 2-еуi монография болды, ғылыми жұмыстардың барлығы үшін 200-ден астам авторлық куәліктер алынды. Зертхана жұмыс iстеген кезеңде кандидаттық диссертация жұмыстарын аяқтап, сәттi қорғап шықты: Марлен, Югай, Битный, Клубина, Есырев, Рябинин, Шлиомензон, Гомельский, Семенюк, Метакса, Мұңсызбаев, Тищенко. 1986 жылы ССАСҒЗЗ-ның негiзiнде машина жасау ғылыми-инженерлiк орталығы құрылып, оның ғылыми жетекшiсi болып профессор Х.Р.Қазыханов, машина жасау ҒЗО-ның директоры болып В.Я.Спирин, ССАСҒЗЗ-ның меңгерушiсi болып Б.Х.Шлиомензон тағайындалды. Сол кездерi зертханада 40-тан астам қызметкер жұмыс iстедi, олардың iшiнде ғылым докторлары Н.Х.Дәуiлбеков, Х.Р.Қазыханов, техника ғылымдарының кандидаттары П.Г.Есырев, А.Г.Гомельский, Т.Мұңсызбаев, А.И.Тищенко, т.б. бар. Орталық 1994 жылға дейiн жұмыс iстеп, өкiнiшке орай ААМЗ-ы тарапынан қаржыландыру тоқтатылғанына байланысты таратылды.
1934 жылы “Техникалық механика және жылу техникасы” кафедрасы ашылған күннен бастап кафедраның қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқан техника ғылымдарының кандидаты, доцент В.В.Фаворский басқарды. 1955–1971 жылдары кафедраны еңбек және Ұлы Отан соғысының ардагерi, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Александр Васильевич Брежнев (1910–1999) басқарды. 1956 жылы Мәскеу кен-металлургия институтында кандидаттық диссертациясын қорғап, техника ғылымдарының кандидаты деген ғылыми дәреже алған. Кафедра беделi шұғыл тұрде өсiп кеттi: кафедра ұжымы Мәскеулiк жоғары оқу орындары және С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дiң тұлектерiмен толықтырылды. А.В.Брежнев КСРО-ның жетекшi бiлiм беру және ғылыми-зерттеу жоғары оқу орындарымен жеке байланыстар орнатады, кадрлар даярлау iсiн солардың аспирантуралары арқылы шешедi. «Теориялық және қолданбалы механика» кафедрасы 1952 жылы құрылған, жарты ғасыр бойы өзінің атауының бірнеше рет ауыстырды – негізінен бұл «Теориялық механика» және «Материалдар кедергiсi және механизмдер мен машиналар теориясы» деп аталынады. Теориялық механика кафедрасын техника ғылымдарының кандидаттары, доценттер А.Н.Бобов, К.Т.Әкiмов, А.Е.Тiлеуқабылов, техника ғылымдарының докторы, профессор Б.Р.Рақышев, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор А.Н.Төреқожаевтар басқарды. “Материалдар кедергiсi және механизмдер мен машиналар теориясы” кафедрасын әр тұрлi жылдары техника ғылымдарының кандидаттары, доценттер Н.И.Харитонов, М.Я.Башаев, С.Б.Қосболовтар, техника ғылымдарының докторы, профессор Х.Р.Қазыхановтар басқарды. Н.И.Харитонов бiрнеше жыл Қазақ кен-металлургия институты директорының орынбасары болып iстедi. 

 

   Кафедрада Г.М.Чичко, П.Г.Орлов, Н.Я.Тер-Эммануильян, С.Р.Бөкейханов, А.М.Головкина, Р.В.Зиновьева тәрiздi ғалымдар жұмыс iстедi. Кафедрада техника ғылымдарының докторы А.Г.Ибраев, доценттер А.Жолшора, С.Б.Қосболов, К.Б.Төлегенова, Л.В.Кончина, Т.И.Омаров, Р.К.Әбiлғазин, техника ғылымдарының кандидаты Е.Т.Бекенов, аға оқытушылар Л.С.Абраменко, Н.Б.Жұмағұлова, кафедра инженерi М.М.Әкiмжановалар жұмыс iстейдi.

 Толығырақ...