RU
Ақпараттық технологиялар институтының даму тарихы

Ақпараттық технологиялар институты қазіргі уақытта республикалық ақпараттық технологиялар аймағында және Қазақ ұлттық техникалық университетінің құрамындағы кеңінен белгілі білім және ғылымның орталығы болып саналады. Институтың соңғы 45 жылдар аралығында есептеу техникасы және ақпараттық технологиялар бағытында орналасқан мамандықтар бойынша білікті инженер кадрларын даярлау тарихы өте маңызды. Ақпараттық технологиялар институтының ұйымдастырылу кезеңі өткен ғасырдың 50-60 жылдарынан басталады. Осы кездері республиканың әртүрлi салаларына (таукен, металлургиялық, энергетикалық және т.б.) технологиялық процестер және өндiрiстердi есептеу техникасы негізінде құрылған автоматтандыру жүйелерiнiң өндіріске енгізілуне байланысты оларды жобалау, жасап шығару, енгiзу және пайдалануға бағытталған мамандарды қажеттiлігi көрiндi. Осы қажеттiлiктердi қанағаттандыру үшiн 1959 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Энергетика факультетінің құрамында екі кафедра құрылды. Олар Автоматика және телемеханика (АТМ-59 тобы), математикалық және санап-шешетiн приборлар мен құрылғылар (МСП-59) тобы. Осы кафедралардың негізінде 1962 жылы автоматика және есептеу техникасы (АжЕТ) факультетi ашылды. Республиканың әртүрлі салаларына (тау-кен, металлургиялық, энергетикалық және т.б.), технологиялық процесстер және өндірістерді автоматтандыру жүйелерінің енуіне байланысты оларды жобалау, жасау, енгізу және қолдынуға бағытталған мамандардың қажеттігі көрінді. Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін 1962 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында автоматика және есептеу техникасы (АжЕТ) факультеті ашылды. Бірінші кезде оның құрамына үш кафедра кірді: автоматика және телемеханика, есептеу техникасы, радиоэлектроника және электронды техника. Олар Автоматика және телемеханика, Математикалық және санап-шешетін приборлар мен құрылғылар мамандықтары бойынша инженерлерді дайындады. Факультеттің қалыптасуы мен дамуы алғашқы деканы Қазақ ССР ЄА академигі, т.ғ.д., профессор У.А.Жолдасбековтың атымен байланысты. У.А.Жолдасбеков 1931-1999 механизм және машина теориясы саласында еңбектерімен белгілі ғалым, ҚР ҰҒА академигі, 400-ден астам ғылыми еңбектердің, 12 монографияның, 126 авторлық куәліктермен патенттердің иегері. У.А.Жолдасбековтың ғылыми жетекшілігімен 22 ғылыми докторлар және 80-нен астам ғылыми кандидаттар даярланған. Ол 1964-1970ж.ж. Қазақ политехникалық институтының проректоры, 1970-1986ж.ж. С.М.Киров атындағ Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры, 1986-1988ж.ж. осы университеттің қолданбалы математика кафедрасының меѕгерушісі, 1988-1991ж.ж. ҚР ҰҒА қарасты механика және машина жасау институтының лаборатория меңгерушісі және 1991-1995ж.ж. осы институттың директоры, ал өмірінің соңғы жылдары Қазақcтан Республикасының Парламенттегі Мәжілісінің комитет төрағасы болған.

1964-1966 ж.ж. аралығында факультеттің деканы болып тау-кен автоматика саласының маманы т.ғ.к., доцент В.П.Зуб істеген. Автоматика және телемеханика кафедрасының алғашқы меңгерушісі болып автоматтандырып басқару теориясы саласындағы белгілі ғалым, Қазақстандық автоматтандырып басқару теориясының ғылыми мектебінің іргетасын қалаушысы, Қазақстандық ғалымдардың ішіндегі физика-математика ғылымдарының тұңғыш докторының біреуі, профессор Ә.Қ. Бедельбаев істеген. Ол 40-тан астам ғылыми еңбектердің авторы және “Сызықты емес автоматтық реттеу жүйелерінің орынықтылығы” атты монографияны жариялаған. Бұл кітап аталған проблемаға арналған Қазақстанда шығарылған тұңғыш ғылыми еңбек болып саналады. Мезгілсіз ажал бұл ғалымның ғылыми-педагогикалық жолын ерте аяқтатты. Қаз ҰТУ-дың бір дәрісханасы және автоматтандыру жүйелерін басқару лабораториясы осы ғалымның есімімен аталған. Алғашқы кафедра меңгерушiлерi болған т.ғ.д. профессор Бедельбаев А.К., доцент Бричкин Л.А. Автоматика және телемеханика кафедрасының алғашқы меңгерушісі болып автоматтандырып басқару теориясы саласындағы белгілі ғалым, Қазақстандық автоматтандырып басқару теориясының ғылыми мектебінің іргетасын қалаушысы, Қазақстандық ғалымдардың ішіндегі физика-математика ғылымдарының тұңғыш докторының біреуі, профессор Ә.Қ. Бедельбаев істеген. Ол 40-тан астам ғылыми еңбектердің авторы және “Сызықты емес автоматтық реттеу жүйелерінің орынықтылығы” атты монографияны жариялаған. Бұл кітап аталған проблемаға арналған Қазақстанда шығарылған тұңғыш ғылыми еңбек болып саналады. Мезгілсіз ажал бұл ғалымның ғылыми-педагогикалық жолын ерте аяқтатты. Қаз ҰТУ-дың бір дәрісханасы және автоматтандыру жүйелерін басқару лабораториясы осы кісінің есімімен аталған. Факультеттің құрылуы өндірісті автоматтандырылу практикасы мен теориясының дамуына едәуір импульс берді. Профессорлық-оқытушы құрамы, ғылыми қызметкерлер Өскемендік қорғасын-мырышты және титанды-магнилы комбинаттары, Балхаштық және Жезқазғандық таукен-байыту комбинаттары, Шымкенттік қорғасын зауыты, Карметкомбинаты сияқты Республиканың тау-кен, металлургиялық салаларының үлкен кәсіпорындарында технологиялық процестерді автоматтандырылып басқару жүйесін енгізу мен жасауда белсенді қатысты. Алпысыншы жылдар автоматтандырылып басқару бағытында Қазақстандық ғылыми мектептің ірге тасын қалауының бастапқы кезеңі болды. Факультет Ресейдегі, Украинадағы және одақтық басқа да республикалардағы үлкен ғылыми, оқу орталықтарымен тығыз байланысқа тұра бастады. Факультеттің ондаған түлектері Москва, Ленинград қалаларындағы үлкен оқу және ғылыми мекемелерге (Москвалық Тау-кен, Энергетикалық, Авиациондық институттар, Болат және құйма институты, Н.Э.Бауман атындағы МЖТУ, КСРО ҒА Басқару проблемалары институты, Ленинградтық политехникалық және Электротехникалық университеті және т.б.) аспирантураға жіберілді. Политехникалық институт пен факультеттің базасында автоматтандыру проблемалары бойынша үлкен ғылыми халықаралық, бүкіл одақтық және республикалық конференциялар, кеңестер, семинарлар өтті. Өз кезегінде факультеттің ғалымдары Дюссельдорфта (ГДР), Варнада (Болгария), Вроцлавта (Польша), Мәскеуде, Ленинградта, Тбилисиде және шетел мен КСРО-ның басқа да көптеген қалаларында ғылыми баяндамалары жарыққа шықты. Осының нәтижесінде бїл күні факультет түлектерінің ішінде жиырмадан астамы ғылыми докторы және жүзден астамы ғылыми кандидаты атақтарына иегер. Студенттердің қоғамдық және мәдени өмірлері белсенді өтіп жатты. Жазғы демалыс кезінде студенттердің көбісі Қазақстан, одақтық республикалар мен шетел қалаларына және ауылдарына обьект құрылысына барып жатты. Осы мезгілдерде факультет студенттерінің, интернационалды студенттік құрылыс отрядының тобы халықаралық конкурстар мен фестивальдарда өз әндерімен политехникалық институты мен факультетті атағын шығарған “Дос-Мұкасан” ансамбілін құрды.

 Жалғасы...