RU
Экономика және бизнес институтының даму тарихы

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ИНСТИТУТЫ еліміздің жоғары білім ордасы – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің (ҚазҰТУ) құрамына кіреді. Институт өзінің 40-жылдық мерзімнен астам тарихында еліміздің ірі мемлекеттік және қоғамдық ісінің өркен жаюы мақсатында көрнекі ғалымдарды, өнеркәсіптік өндірістердегі талантты ұйымдастырушыларды дайындап шығарушы алтын ұясы болды. Институттың түлектері Қазақстан экономикасының дамуына елеулі үлес қосып келеді. Олар өз істерін мемлекеттік және жергілікті басқару ұйымдарында және бизнесте кәсіби түрде атқарады. Экономика және бизнес институты өз түлектерімен мақтана алады, олардың ішінде Есенбаев М., Мусаев А., Медеуов У., Турганкулов К., Кожагапанов Д., Тлеужанов К., Байтанаева Б., Сапакова Г. және тағы басқалар. Өткен ғасырдың артта қалған 60-шы жылдары буырқана дамыған Қазақстан экономикасына тау-кен және металлургия өндірісінің негізін білетін жоғарыбіліктілікті экономист-мамандар қажет етілді. Осындай мамандарды дайындау үшін тау-кен және металлургия факультетіне 1964 жылы мына мамандықтар бойынша студент-түлектер қабылданды: «Тау-кен өнеркәсібінің инженер-экономисі» (ТКӨЭ) және «Металлургия өнеркәсібінің инженер-экономисі» (МӨЭ). Барлығы 50-ге жуық адам қабылданды. Студенттерді дайындау бойынша осы бағыттың әрі қарай дамуы жеке факультеттің құрылуын талап етті. Осыған байланысты, 1966 жылы ҚазПТИ (ҚазҰТУ) ректоры Г.Есиркегенованың бастамасымен Одақ пен Республиканың халық шаруашылығы үшін инженер-экономистерді дайындауға арналған Инженерлі-экономикалық факультеті (ИЭФ) құрылды. ИЭФ-тің алғашқы деканы болып т.ғ.к., доцент Шокобаев Т. тағайындалды. Ол ИЭФ-ті 1971 жылға дейін жетістікпен басқарды. 1971 жылдан бастап, факультеттің қайта таралуына дейінгі аралықта декан қызметін э.ғ.к., доцент Тулемисова С. атқарды.
ИЭФ ішінде екі кафедра жұмыс жасады: «Тау-кен өндірісінің экономикасы, ұйымдастырылуы және жоспарлау», кафедраны ғылым мен техникаға еңбегі сіңген іскер, э.ғ.д., профессор Мильграм М. басқарды және «Металлургия өнеркәсібінің экономикасы, ұйымдастырылуы және жоспарлау», кафедраны э.ғ.к., доцент Даришев М. басқарды. 1967 жылы факультет «Энергетикалық өндірістің инженер-экономистерін» (ЭӨЭ) дайындауды, ал сонан кейін Қазақ КСРО Геология Министрлігінің өтініші бойынша, геологиялық барлау жұмыстарының кеңеюімен байланысты, факультетте «Геологиялық барлау жұмыстарының инженер-экономистерін» (ГБЭ) дайындау жұмысы басталды. Факультет сол кезде мектеп түлектерінің аттестаттағы жоғары балдарымен оқуға түсе алмайтындығымен атақты болды, яғни «Политехтағы» ең мәртебелі факультет болды. 1972 жылы ИЭФ өнеркәсіптік өндіріс пен құрылыс ұйымдастырушыларын дайындау факультетіне (ӨӨпҚҰФ) алмастырылды. ӨӨпҚҰФ деканы т.ғ.к., доцент Кошибаев Б. факультетті 1977 жылға дейін басқарып келді. 1977 жылдан 1986 жылға дейін факультет деканы т.ғ.к., доцент Шокобаев Т. болды. 1976 жылы ӨӨпҚҰФ қызмет етуі үшін «¬Өндірісті басқарудың ғылыми негіздері» (ӨБҒН) кафедрасы ашылды. Құрылған күнінен бастап, 1990 жылдың жазына дейін ӨБҒН кафедрасын ғылымға еңбегі сіңген іскер, э.ғ.д., профессор Тлеулиев Т. басқарды. 1990 жылдан бастап кафедра қайта алмастырылғанға дейін кафедраны э.ғ.к., доцент Сатыбалды С. жетекшілік етті. 1986 жылы факультет деканы болып т.ғ.к., доцент Илюсизов Н. тағайындалды. ӨӨпҚҰФ жұмыс жасаған барлық жылдар ішінде КСРО-ның барлық аймақтарынан келген әртүрлі өндірістік және құрылыс салаларының 4500-ден астам жетекшілері мен мамандарын қайта дайындады және біліктіліктерін арттырды.
Қазақстан тәуелсізділігін алуымен және нарықтық қатынастар дамуымен байланысты факультетте қайта алмастырылулар жүргізілді. Факультет басшылық қызметке т.ғ.к., доцент Құлжабай Н. келуіне орай екінші рет қайта жанданды. 1991 жылы ӨӨпҚҰФ негізінде ірі кәсіпорындар мен ұйымдардың тапсырысы бойынша «Өндірісті ұйымдастыру – менеджер» мамандығы бойынша мамандар дайындайтын Менеджмент және бизнес факультеті құрылды. 1993 жылы факультет Экономика және басқару оқу факультетіне ауыстырылды. Факультет мына мамандықтарға студенттерді қабылдауды жүргізді: «Өндірісті ұйымдастыру», «Өнеркәсіп экономикасы», «Отын-энергетикалық кешендегі экономика және басқару», «Баспа ісі мен типографиядағы экономика және басқару». Факультет құрамына бес кафедра кірді: «Басқаруды ұйымдастыру», «Өнеркәсіп экономикасы», «Минералдық ресурстар экономикасы және басқару», «Экономикалық теория» және «Жоғары математика». 2000 жылы, университеттің қайтақұрылымдануы барысында, факультет Инженерлі-экономикалық институт болып қайта құрылды, ал оның директоры болып Байтокаев К. тағайындалды.
ҚР-на арналған Тұрақты даму қағидалары концепциясын ендірудің өзектілігін ескере отырып, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ 2002 жылы 8 желтоқсанда Инженерлі-экономикалық институт Экологиялық-экономикалық институтына қайта ауыстырылды. Директорлыққа т.ғ.д., профессор Мырзахметов М. шақырылды. Экологиялық-экономикалық институт 2006 жылдың жазында Экономика және бизнес институты болып қайта құрылды. Институт директорлығына т.ғ.д., профессор Досхожаев Д. тағайындалды, ол 2007 жылдық желтоқсанына дейін институтқа жетекшілік етті.
Бүгінгі күні Экономика және бизнес институты – еліміздің өнеркәсіптік және банктік салаларына арналған экономистерді дайындау бойынша Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың жетекші оқу және ғылыми бөлімшесі. Институтта 1200-ге жуық жас және білімге құштар өрендер білім алады. Институт экономиканың, қаржының, менеджменттің, маркетингтің, есеп және аудиттің, бағалаудың бакалаврлары мен магистрлерін дайындайды. Институт алғашқы болып кредиттік оқыту технологиясына көшті және «Экономика» мамандығы бойынша философия докторларын (РһD) дайындауды бастады. Осы жылы институт «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша студенттерді қабылдауды жоспарлап отыр. С онымен қатар, институт ғалымдары ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, кеңес беру қызметтерін көрсетеді, заңдамалық, нормативті-техникалық және әдістемелік құжаттарды құруға қатысады.
Экономика және бизнес институтының негізгі міндеттері:
• мемлекеттік және бизнес құрылымға арналған экономикалық мамандықтар бойынша бәсекеге қабілетті түлектер дайындауды;
• экономика және басқару аумағында жоғарыбіліктілікті ғылыми-педагогикалық мамандар дайындауды;
• университеттің инженерлік мамандықтарының студенттерін экономика негіздерімен оқытуды жүзеге асырады.
Экономика және бизнес институтының білім қызметін ұсыну нарығында өзіндік тұрақты тұғыры мен биігі бар. Еліміздің ІЖӨ құрылымында өнеркәсіптік өндірістің ілгерілегендігін ескерсек, онда еңбек нарығында басты қажеттілік экономиканың нақты жүйесін жақсы білетін және ұғынатын қазақстандық ЖОО түлектеріне туындайды. Сондықтан институт өзін еліміздің өнеркәсібіне арналған экономикалық мамандықтар бойынша тұғырлы мамандар дайындайтын оқу орны ретінде құрылымдайды. Мысал ретінде мамандарды дайындаудың екі бағытын ерекшелеуге болады. Бірінші бағыт – Қазақстан ІТ индустриясына арналған экономистерді дайындау. ҚР үкіметі ІТ индустриясына басты назарға алды және Alatau IT City ақпараттық технологиясы кешенін дамытады. ІТ индустриясының осы саласын ІТ индустриясындағы өндірістік үрдістерді меңгерген экономист-мамандармен қамтамасыз етпей тиімді дамытуға мүмкіндік болмайды. Экономист-ІТ мамандары жаңа бизнес идеялар мен олардың қозғалтқыштарының себепші үдеткіштері болуы қажет. Бұдан басқа, олар қызмет етуші ІТ бизнесте үйлесімділікпен әрекет етулері қажет. Осы бағыттың перспективасын ескере отырып, «Экономикалық кибернетика» кафедрасында «Экономика» мамандығының «Ақпараттық жүйелер» мамандануы бойынша студенттерді қабылдау және бакалаврларды дайындау жүзеге асырылды. Екінші бағыт – отын-энергетикалық жүйеге арналған экономистерді дайындау. Қазақстандағы экспортқа бағытталған негізгі сала отын-энергетикалық сала болып табылады. ҚР алғашқы президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2030 стратегиясы аталған бағыттың ұзақмерзімдік перспективада дамуын ұсынады. Бұл саланы экономистермен қамтамасыз ету үшін институтта «Экономика» мамандығының «Мұнайбизнес» мамандануы бойынша бакалаврларды дайындау ісі жүргізіледі. Сонымен қатар, Қазақстанда шет елдік мұнай компаниялары келтірілген фактісін назарға ала отырып, институтта аталған бағыт бойынша Американдық университетпен Кипрде бірлескен бағдарлама бойынша дайындық жұмыстары басталды. Студенттер институтта ішінара ағылшын тілінде оқытылады және үшінші курста Солтүстік Кипрге оқуға жіберіледі. Биылғы жылы осы мамандық бойынша алғашқы түлектерді ұшыру жоспарланып отыр. Бұл түлектерге екі диплом беру жоспарланады. Бірі – мемлекеттік үлгідегі ҚазҰТУ дипломы және екіншісі – серістес-ЖОО дипломы. Бұл бағдарламаның мақсаты шет ел тілін меңгерген және белгілі шет елдік ЖОО дипломға ие мамандарды дайындау болып табылады.
«Экономика және минералды ресурстарды басқару» каефдрасы. Кафедра меңгерушісі экономика ғылымдарының докторы Қазбеков Бекет Қабдуұлы.
Кафедраның белсенді мүшелері болып табылады: э.ғ.д., профессор Давильбекова Ж.Х., PhD докторы Кантарбаева А.К., э.ғ.к., профессор Кабулбеков М.Г., Климова Т.Г., э.ғ.к., доцент Волокитина Л.А., Тайкулакова Г.С., Амренов Р.М., Алибаева С.А., Жакаев А.Ш., Байкенова Ж.Х., Аманбаев У.А., Расулова С.К., Нурпейсова Н.С. ф-м.ғ.к., доцент Мустафин М.А., мұғалімдер Ахметова С.Т., Джангараев С.Д., Жантаева Г.Ш., Чермошенцева Е.В., Мухамедгалиева О.К., Бедельбекова Т.Н., Бейсекова П.Д., Рустемова Ш.У., Тулеубаева М.К.
«Экономика және минералды ресурстарды басқару» кафедрасы кафедрасының 65 жылдық тарихы бар. Кафедраның басты мақсаты оқу және ғылыми программаларды іске асыру, инженерлердің экономикалық дайындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ экономика саласына жоғары дәрежелі мамандар дайындауға іс - әрекет жасау.
Кафедра тарихында өз уақытында кафедраны басқарған және жоғары мектепте білім беру жүйесін дамытуда үлкен еңбек атқарған ондаған еңбегі сіңген қызметкерлер бар. «Экономика және минералды ресурстарды басқару» кафедрасын 30 жылдан астам, ғылымға еңбегі сіңген қызметкер, э.ғ.д., профессор Мильграм М.Г. басқарған. Сол жылдар ішінде «Экономика және минералды ресурстарды басқару» кафедрасында 45-ке жуық экономика ғылымының кандидаттары дайындалған.
«Өнеркәсіптегі экономика және менеджмент» кафедрасы, кафедра меңгерушісі т.ғ.д., профессор Лисенков Александр Александрович.
Кафедра 1964 жылы ашылды. Сол кезден бастап Қазақстанның өнеркәсіптегі басты салаларына 1,5 мыңнан астам инженер-экономистер даярланды. Кафедрада 26 штаттық оқытушылар жұмыс істейді, оның 16-сы немесе 61,5 % ғылыми дәрежесі мен атағы бар оқытушылар.
Кафедраның жетекші қызметкерлері: ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ғылымға еңбегі сіңген қайраткер, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Түркебаев Е.А., т.ғ.к., профессор Шокобаев Т.Д., ҚР маркетингісінің Қоғамдық Академия академигі, э.ғ.к., профессор Сатыбалды С.С.; э.ғ.к., доценттер: Ишмухамбетова Т.Р., Масанова Л.Е., Хавронская А.М., Темергалиев С.Ж., Сокира Т.С., Ильбисинов Ч.С., Оглов В.Е., Дуйсемалиева М.У.; аға оқытушылар: Жақып Ғ.Б., Кошкина Н.В., Биржанова Р.М., Шахворостова Н.Н. және т.б.
Кафедра нарық экономикасы жағдайында пайдалы қазбалардың қорын басқару проблемаларын фундаменталды ғылыми зерттеулерге қатысады, болашақ менеджер мен жас ғылымдарды даярлау үшін белсенді жұмыс істейді. ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Түркебаев Е.А. жетекшілігімен диссертацияны 5 доктор және 50 шақты ғылым кандидаттары қорғады.
«Қаржы және маркетинг» кафедрасы кафедра меңгерушісі э.ғ.д., профессор Тінасилов Мұхтар Донбайұылы.
Кафедраның қызметкерлері: академик МЕЭА және ЖҒА РК, э.ғ.д., профессор Ералы А.К, э.ғ.д., доцент Мақыш С.Б., э.ғ.к., профессор Байтанаева Б.А., э.ғ.к., доцент Мизамбекова Р.К, Маженова Н.А, Жоламанова М.Т, Сакибаева К.С, Токтасын Д, Келбуганова Л.Ж, э.ғ.к., доцент Уркумбаева А.Р, аға оқытушылар Джумагазиева Р.Х, Кабдырова К.К, Бектурганова К.Е, Джакупова С.Т, Абдикадырова Р.А, Абдигалиева Н.К, Бектемирова Н.Т, Арзыкулова Р.К, Бекбауов Б, Макенова Г, Иманкулова Б.Б, Джусупова Б.Т, Шылмаганбетова Д.А,; оқытушылар: Мутикеева Р.Д, Еслямова М.Т, Смаилова Б.К, Оташева Д.М және т.б. Ғылыми дәрежелі және атағы бар оқытушылардың мөлшері 40 пайыздан асады. Кафедра аспиранттар және магистранттар, сонымен бірге қаржы саласының мамндарын тағайындайды. Кафедраның алғашқы түлектері 1993жылы, содан бері қазақ және орыс бөлімдері бойынша 600-ге жақын мамандар шығарылды. Болашақ бағдарламасы бойынша 5 түлегі АҚШ-ң бір университетінде магистратура бөлімін бітірді соның біреуі кейін докторантураны бітіріп, философия ғылымдарының докторы деген дәрежеге ие болды. Түлектердің 4-і кандидаттық диссертациясын қорғап соның ішінде біреуі АҚШ-да оқып жатыр.
«Экономикалық кибернетика», кафедра меңгерушісі т.ғ.д., профессор Құлжабай Насанбадрядден Мүбаракұлы. Кафедра 2001 қаңтар айында құрылған. «Экономикалық кибернетика» кафедрасындағы мамандар құрамы: Жанкубаев Б.А. – э.ғ.к., доцент; Кадырбеков Т.К. – э.ғ.к., доцент; Баймұханов С.К.– т.ғ.к., доцент; Карибжанов О.М. – э.ғ.к., доцент; Алимжанова Р.М. – т.ғ.к., доцент; Тышканбаева М.Б. – ф-м.ғ.к., доцент; Казбекова Қ.Қ – э.ғ.к..доцент; Дильдебаева Ж.Т. – э.ғ.к., доцент; Чакеева Қ.С. – т.ғ.к., доцент; Исмаилова Р.Т. – э.ғ.к., аға оқытушы Досаева А.Ж., аға оқытушы Мустафина К.Қ. – аға оқытушы; Ахметкалиева С.Қ. – аға оқытушы; Кубанова Н.Б. – аға оқытушы; Сейткожаева А. – аға оқытушы; Маликова Р.М. – аға оқытушы; Мусина Г.Р. – оқытушы, Галимова Н.Ғ. – ассистент; Адильбаева А. – ассистент т.б.
Кафедра ғылыми дәрежесі 62 құрайды. Кафедра оқытушылары жыл сайын іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша өткізілетін байқауларға қатысып отырады. ҒЗЖ белсенділендіруге ерекше назар аударылады, Құлжабай Н.М. басшылығымен 2002 - 2003 жылдары Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ мен статистика жөніндегі ҚР ИВЦ Агенттігі арасында жасалынған шаруашылық келісім бойынша «Оптимизация процесса обработки данных для балансировки квадрантов МОБ в основных ценах» тақырыбында жұмыс жасалынды (500 мың және 550 мың теңгеге). Осы жылға ғылыми-техникалық өнім (1 млн. теңгеге) құруға жаңа №080901 келісім-шарт жасалды. Кафедраның байланысын кеңейту және нығайту жұмыстары, басқа ЖОО-рымен және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесе қызмет ету жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырылады.
Кафедраның профессор-оқытушылық құрамы 33 адамнан тұрады. Оның ішінде 2 ғылым докторы, 3 профессор, 13 ғылым кандидаты, 13 доцент, 11 аға оқытушы, 2 оқытушы, 5 ассистент бар.
Экономика және бизнес институтының білім қызметін ұсыну нарығында өзіндік тұрақты тұғыры мен биігі бар. Еліміздің ІЖӨ құрылымында өнеркәсіптік өндірістің ілгерілегендігін ескерсек, онда еңбек нарығында басты қажеттілік экономиканың нақты жүйесін жақсы білетін және ұғынатын қазақстандық ЖОО түлектеріне туындайды. Сондықтан институт өзін еліміздің өнеркәсібіне арналған экономикалық мамандықтар бойынша тұғырлы мамандар дайындайтын оқу орны ретінде құрылымдайды. Мысал ретінде мамандарды дайындаудың екі бағытын ерекшелеуге болады. Бірінші бағыт – Қазақстан ІТ индустриясына арналған экономистерді дайындау. ҚР үкіметі ІТ индустриясына басты назарға алды және Alatau IT City ақпараттық технологиясы кешенін дамытады. ІТ индустриясының осы саласын ІТ индустриясындағы өндірістік үрдістерді меңгерген экономист-мамандармен қамтамасыз етпей тиімді дамытуға мүмкіндік болмайды. Экономист-ІТ мамандары жаңа бизнес идеялар мен олардың қозғалтқыштарының себепші үдеткіштері болуы қажет. Бұдан басқа, олар қызмет етуші ІТ бизнесте үйлесімділікпен әрекет етулері қажет. Осы бағыттың перспективасын ескере отырып, «Экономикалық кибернетика» кафедрасында «Экономика» мамандығының «Ақпараттық жүйелер» мамандануы бойынша студенттерді қабылдау және бакалаврларды дайындау жүзеге асырылды. Екінші бағыт – отын-энергетикалық жүйеге арналған экономистерді дайындау. Қазақстандағы экспортқа бағытталған негізгі сала отын-энергетикалық сала болып табылады. ҚР алғашқы президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2030 стратегиясы аталған бағыттың ұзақмерзімдік перспективада дамуын ұсынады. Бұл саланы экономистермен қамтамасыз ету үшін институтта «Экономика» мамандығының «Мұнайбизнес» мамандануы бойынша бакалаврларды дайындау ісі жүргізіледі. Сонымен қатар, Қазақстанда шет елдік мұнай компаниялары келтірілген фактісін назарға ала отырып, институтта аталған бағыт бойынша Американдық университетпен Кипрде бірлескен бағдарлама бойынша дайындық жұмыстары басталды. Студенттер институтта ішінара ағылшын тілінде оқытылады және үшінші курста Солтүстік Кипрге оқуға жіберіледі. Биылғы жылы осы мамандық бойынша алғашқы түлектерді ұшыру жоспарланып отыр. Бұл түлектерге екі диплом беру жоспарланады. Бірі – мемлекеттік үлгідегі ҚазҰТУ дипломы және екіншісі – серістес-ЖОО дипломы. Бұл бағдарламаның мақсаты шет ел тілін меңгерген және белгілі шет елдік ЖОО дипломға ие мамандарды дайындау болып табылады.