RU
Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Колледжі

Халықаралық өлшемге сәйкес болашақ мамандарды дайындау мақсатында оқу үрдісінде жоғары оқу орындарында колледждің болуы аса маңызды. 2000 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың құрылымдық бөлімшесі болып құрылған колледж қазіргі таңда өз алдына жеке оқу, әдістемелік ғылыми салаларды қамтыған және «Колледж – ЖОО» оқу кешенімен маңызды оқу орны болып табылады. Оқу үрдісінің ұйымдастырылуына Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ басшыларының атсалысқанын аса жоғары бағалауға болады.
Колледж ұжымын директор Тлеужанов Қанат Шөпшекбайұлы басқарады. Ол – ҚазҰТУ доценті, «Өндірістік металлургияны басқару және экономика» мамандығының инженер-экономисі, 30-дан астам ғылыми-әдістемелік жұмыстардың авторы.
Қазіргі таңда колледжде 400-ге жуық білім алушылар, профессор-оқытушылар құрамында 58 адам. Оның ішінде 27 штаттық колледж оқытушылары, 38 басқа да ЖОО-ның және біздің университеттің біріктіріп-оқытушылары. Колледжде 15 профессор, 15 ғылым кандидаттары мен доценттер, 12 аға оқытушы жұмыс жасайды және 3 жоғары категориялы оқытушы, I категориялы 30 оқытушы және II категориялы 3 оқытушы сабақ жүргізеді. Бірыңғай материалдық-техникалық база, оқытушы-профессорлар құрамы, оқу жоспарлары мен бағдарламалары Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ колледжін үздік бітіріп шыққан түлектерге университетте қысқартылған бағдарлама бойынша үш жылдық жеделдете оқуларына мүмкіндік туғызады.
Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ колледжі – бұл:
. кешегі түлектердің рухани және интелектуалды дамуының жаңа сатысы;
. оқу программасы бәсекеге қабылетті;
. оқытушы-профессорлар құрамы мен Колледж қызметкерлерінің ұйымшыл, ынтымақты, бірлескен ұжымы;
. Уақыт пен ақшалай қаражатты үнемдей отырып Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да жеделдетіп үш жылда оқып шығу;
. білікті маман болып шығу;
. практикалық дағдыларын қалыптастыру және университет базасында практикадан өту;
Оқу үрдісінде оқушылар теориялық білімдерін ұштастыру үшін университеттің ғылыми кітапханасының қорын пайдалана алады. Колледж ғимаратында Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың ғылыми кітапхана бөлімі ашылған. 2002 жылдан бастап колледж және табиғи-қоғамдық институт «ҚазҰТУ Көктемі» фестиваліне қатысып, бірінші орынды иеленді және «Қылықты қыз-келіншектер-ай» сайысына Ш. Бектурганова, Р. Тойғанбекова, Ж. Казиева секілді мұғалімдер қатысып, Гран-при иегерлері атанды.
2004 жылы Колледж командасы бірінші рет университеттің қызметкерлері мен мұғалімдері арасындағы «Денсаулық» спартакадиасына қатысқандар болды, ал 2008-2009 жылы колледждің волейболдық командасы бірінші орынды иеленді. Колледждің оқушылары футболдан бірінші орын, шахматтан екінші орын және Алматы қаласының колледж аралық үстелдік теннистен үшінші орын алды. Колледж әкімшілігі өндірістік мекемелермен қарым-қатынас орнату үшін және өндірістік тәжірибеден үздіксіз өту үшін келісім-шартқа отырды: «Ыстықсу» ғылыми-өндірістік орталығы, «Қазселезащита» ГУ-ы, НППФ «КазГИДЭК», экономикалық зерттеу институты, ЗАО «НКТН Каз ТранОйл», «КазГидронефтетранс», «Массагет АҚ, космостық зерттеу институты, Қ.И. Сәтбаев атындағы ақпараттық технологиялар институты, стандарттау және метрологиялық Алматы орталығы, LG Электроникс Казахстан кіреді.
Колледжді және университетті бітіруші түлектер «Қаз Мұнай Газ» АҚ, «Қазақ МГ» ҰК, «ҚазАТОМпром» ҰК компанияларының сұранысы бойынша жұмысқа орналаса алады. Әлемдік білім кеңістігіне ену үшін ең алдымен нақты технологиялық білімді жеткізуде арнайы әдісті қолдану арқылы, ақпараттық технологиялар қолданылады. Колледж техникалық жағдаймен жақсы жабдықталған ағымдағы сабақ үрдісінде мониторинг жүргізуде әсері мол, ғылыми және кәсіптік білімге, элиталы бизнес дайындықтарына мүмкіндік жасайды. Колледж ұжымы Үкіметтің антикризистік стратегиясын іске асыру үшін барлық күші мен білімін жұмсайды.