Талапкерлерді күтеді

Петролеум Оперейтинг Б.В Қарашығанақ компаниясы ҚазҰТУ студенттеріне арнап 2008 жылға гранттар (2000 АҚШ доллары мөлшерінде)  бағдарламасы туралы хабарлайды.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

  • ҚР азаматтығы;
  • Соңғы екі жылда ақылы негізде оқитын студент болуы, жетім балалар, көп балалы отбасының балалары, балалар үйінің және интернаттың  тәрбиеленушісі болуы керек. Мына мамандықтардың студенті болуы тиіс:
    1) Мұнай инженері;
    2) Электртехникасы;
    3) Химия инженері;
    4) Машина жасау;
    5) Бақылау-өлшеу аспаптары мен аппаратуралары;
    6) Денсаулық сақтау, қоршаған ортаны және техника хауіпсіздігін қорғау;
    7) Геофизика;
    8) Геология;
    9) Құрылыс және қызмет көрсету;
    10) Экономика;
    11) Ақпараттық технология және телекоммуникация;
    12) Қаржы.

Басқа бағдарламалар бойынша Грант алған студенттер аталған бағдарламаға жіберілмейді.

Қажетті құжаттар:

  • Өтініш (Қосымша А-ны қараңыз)
  • Суденттің оқуы кезіндегі нәтижелері (баға) жөнінде анықтама. Орташа балл 4,5 кем болмауы тиіс. (Қосымша Б-ны қараңыз)
  • Жеке куәлігінің көшірмесі
  • Ата-анасының табысы туралы анықтама
  • Ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысқанына алған диплом көшірмелері
  • Институт директоры қол қойған кемінде  екі ұсыныс хат
  • Өтініш берушінің «Мен қалай алған білімімді ҚР болашағы үшін қалай пайдаланамын» тақырыбына шығарма жазу (400 сөз көлемінде)
  • Ойлаған мансаптық жоспары ((Қосымша С-ны қараңыз)

Өтініштерді беру

Құжаттар 20 мамырға дейін қабылданады. 

Құжаттарды өткізу орны: 090300, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Петролеум Оперейтинг Б.В Қарашығанақ компаниясы.

Қосымша мәліметті МҒ 612 бөлме, Ғылым және халықаралық байланыс департаментінен ала аласыз.

 

Ғылым және халықаралық байланыс департаменті

Вы 20260843-й посетитель.
Powered by Drupal
Copyright © KazNRTU, 2007-2016