Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ - «Жыл таңдауы» сайысының жеңімпазы!

Сулеев Д.К.
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ республикалық қоғамдық-саяси «Президент және халық» газеті мен республикалық «Жыл таңдауы» агенттігі жүргізетін «Жыл таңдауы» конкурсында «Жылдың үздік оқу орны» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті бүгінгі таңда білім беру рыногында еліміздің көшбастаушысы болып келеді. Үстіміздегі оқу жылында университет 3027 мемлекеттік білім грантын жеңіп алып, оқу орындары арасында алда келеді. Олардың ішінде 72 «Алтын белгі» иегері, 27 халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпазы, 131 оралман, 40 жетім бала, 5 мүгедек және 469 ауыл квотасы бойынша түсушілер бар.
Университет студенттерді мемелекеттік тілде оқытуға ерекше көңіл бөледі. Бұл талапкерлерді қабылдаудан айқын көрінеді. Мысалы, қазақ бөліміне түсушілер 70.4%, орыс бөліміне-29,6% -ды құрайды. Жылма-жыл қазақ бөліміне түсушілер саны артып келеді.
Вы 20327096-й посетитель.
Powered by Drupal
Copyright © KazNRTU, 2007-2016