Студенттер қатарына қабылдау салтанаты

Жыл сайын 16-қазанда Алматыда жоғары оқу орындарына түскен жастарды студенттер қатарына қабылдаудың салтанаты шарасы өткізіледі. Биыл да осы 16-қазанда қаланың республика сарайында 1-курс студенттеріне толыққанды студент деген атты беру рәсімі болып өтті. Жаңа оқу жылында ҚазҰТУ-ға еліміздің түкпір-түкпірінен 4036 қыз бен жігіт келіп оқуға түскен еді.
Олар үшін қатарынан төрт жыл бойы мемлекеттік грантты ең көп жеңіп алып келе жатқан бұл оқу орыны ең сүйікті оқу орны екені белгілі. Жүректерде осындай мақтаныш сезімі лықсыған жастарымыздың қуанышын ҚазҰТУ ректоры Досым Қасымұлы Сүлеевтің болашақ мамандарға арнаған сөзі одан сайын қоюландыра түсті. Ол кеше оқу бітіріп үздік аттестат алғандарға «Алтын белгі», ал енді оқи бастағандарға студенттік билеттерді табыс етті. Оларға білім жолында үлкен сәттілік тіледі.
Вы 20326918-й посетитель.
Powered by Drupal
Copyright © KazNRTU, 2007-2016